Алматы, BAQ.KZ. 15 қараша күні Атырау қаласынан Алматыға бет алған Boeing 737-300 ұшағынан ақау шығып, әуежайға қайта қонуға мәжбүр болды.
Ұшақ әуеге көтерілгенде салқындату жүйесі істен шыққанын көрсететін шам жанып қалған. Әуе кемесінің командирі бірден ұшуды кейінге қалдыру туралы шешім қабылдаған.
Қону штатты режимде болды. Қайта ұшу дүйсенбі күні таңертеңгі уақытқа қойылды. Өзге қалада тұратын жолаушылар үшін қонақ үй мен тамақ тағайындалды,-дейді SCAT әуекомпаниясының қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Виктория Старожилова.
Айта кетсек, 11 қараша күні Атырау-Нұр-Сұлтан бағытындағы SCAT әуекомпаниясының ұшағы құстар тобымен соқтығысып, ұшақ қозғалтқышына құс түсіп кеткендіктен әуежайға қайта қонған болатын.