Қаржы мониторинг агенттігі зейнетақы жинақтарын заңсыз шығаруға қатысты іске қатысы барлардың мүлкін көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Атырау облысында зейнетақы жинақтарын заңсыз шығару бойынша ауқымды схемалар әшкереленді. 200 миллиард теңгеден астам қаржы жалған клиникалар мен 226 "дроппер" арқылы шығарылған. Күдіктілер салымшылардың ақшасына құны 600 млн теңгеден асатын 15 элиталық автокөлік сатып алған. Сонымен қатар брендтік зергерлік бұйымдар, коммерциялық нысандар, пәтерлер мен жер телімдері анықталды, - деп жазылған хабарламада.
Қылмыстық жолмен табылған мүлікті іздестіру жалғасуда.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда зейнетақы жинағын тіс емдету үшін пайдалану тоқтатылатынын хабарлаған едік.