Атыраудағы Теңіз кен орнында алапат өрт болды

1 Наурыз 2022, 20:15
1323
Бөлісу:
Атыраудағы Теңіз кен орнында алапат өрт болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атыраудағы Теңіз вахталық қалашығынан өрт шықты. Ақпаратты облыстық Төтенше жағдайлар департаменті растады.

1 наурыз күні сағат 16:40-та Атырау облысы Жылыой ауданы Теңіз вахталық қалашығында кәсіпорынның ашық алаңында өндірістік тұнба өртеніп жатыр.  Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мәліметінше,  200 шаршы метр аумақ өртенді, – деп түсіндірді ТЖД.

ТЖД мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге 17 қызметкер мен 4 бірлік техника және «COCR» ЖШС-ның 6 қызметкері және 2 техникасы жұмылдырылған.

Құлсары қаласынан Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 10 қызметкері мен 2 бірлік техникасы жөнелтілді. Құлсарыдан қашықтығы 90 шақырым. Қызметкерлер келген соң қосымша ақпарат нақтыланады, - деп қосты ведомстводағылар.

Өзгелердің жаңалығы