Аймақтағы референдум учаскелеріне дауыс беруге келген ардагер педагогтерді мерекемен құттықтап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін елімізде атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Тарихи оқиға қазанның бірінші жексенбісінде атап өтілетін Ұстаздар күнімен тұспа-тұс келіп отыр.

Атырау облысының референдум учаскелерінде дауыс берушілердің арасында білім беру саласына еңбегі сіңген ардагер ұстаздар да бар. Кәсіби мерекеге орай дауыс беру учаскелерінде шағын салтанатты іс-шаралар өтеді. Ардагерлерді мерекесімен құттықтап, оларға көп жылдық еңбегі мен аймақтың дамуына қосқан үлесі үшін Алғыс хат беріледі, - деп атап өтілген Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан ақпаратта.
.jpeg)
Келешек ұрпаққа сапалы білім беріп, тәрбиелеуге елеулі үлес қосқан ардагер ұстаздарға ерекше көңіл бөлінеді. Олар ел үшін осындай маңызды референдумға қатысудың маңызын айтып, жастар тәрбиешісі ретіндегі дауысы демократиялық процестің маңызды бөлігі екенін атап өтті.
.jpeg)
Облыс бойынша 274 референдум учаскесі жұмыс істеуде. Олар таңғы сағат 7:00-ден 20:00 аралығында ашық болады.
.jpeg)
- Мұқаба
- Жаңалықтар
Атыраудағы референдум учаскелерінде ардагер педагогтерді мерекемен құттықтауда

-
1Оқушылар жазғы каникулға қашан шығады14272Адамды өлтіріп, көлікпен бірге өртеп жіберген13343Байқоңыр кешенінен Қазақстан бюджетіне қанша пайда түседі?8074Келіссөз кері кете ме: Ресей АҚШ-тың ұсынысын қабылдай алмайтынын мәлімдеді6825Трамптың талабы таусылар емес: Зеленскийге тағы айып тақты580
-
1Әрқашан сұранысқа ие болатын үш мамандық анықталды105742Әскерилер 15 дәрігерді өлтіріп, бульдозермен қазылған зиратқа жерлеп кеткен27683Әскерге барғандарға 21 млн теңге жәрдемақы төленеді23704Ғалымдар 16 мың жыл бұрын өмір сүрген адамның бет-бейнесін жасап шықты23665Пойыз билеттерін жарты бағасын төлеп, қалай алуға болады2108