Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Атыраудағы қайғылы апат: Марқұмның отбасы видеоны жариялауға мәжбүр болды

Бөлісу:
 видеодан алынған кадр
VIDEO
Фото: видеодан алынған кадр

Атырауда 2025 жылғы 11 тамызда болған адам өліміне әкелген жол апатының видеосын марқұмның отбасы жариялады. «Газель» жүргізушісі кінәсіз екенін айтады, ал іс жарты жылдан бері сотта қаралып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жарты жыл бойы әділдікті күту және «Газель» көлігінің жүргізушісінің өз кінәсіздігін табанды түрде алға тартуы қаза болған 31 жастағы ер адамның отбасының оның қаза сәті түсірілген ауыр видеоны әлеуметтік желіде жариялауына себеп болған.

Бейнежазбаға қарағанда, «Газель» жүргізушісі солға бұрылу маневрін жасап, қарсы бағытта түзу қозғалып келе жатқан Suzuki мотоциклімен соқтығысқан.

Жол апаты кезінде үшінші баласына аяғы ауыр болған марқұмның жұбайы әділдік орнайтынына сенімсіз. Оның айтуынша, іс ұзаққа созылып, сот отырыстары кейінге шегеріле береді, ал айыпталушы жеңіл жазаға үміт артып отыр.

Туыстарының сөзінше, бұл қасірет олардың өмірін қайғылы оқиғаға «дейін» және «кейін» деп екіге бөлген. Отбасы бірнеше айдан бері сот шешімін күтумен күн кешіп келеді.

Өзгелердің жаңалығы