Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Атыраудағы бассейнде 14 адам хлордан уланған: қылмыстық іс қозғалды

13 Шілде 2025, 21:48
1012
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Бүгін, 13 шілде күні Атырау қаласындағы бассейндердің бірінде хлормен улану фактісі тіркелді. Бұл туралы облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Уланған 14 адамның үшеуі ауруханаға жатқызылып, қалғаны амбулаториялық бақылауға алынды. Ауруханадағы науқастардың жағдайы тұрақты.

Оқиға орнында эпидемияға қарсы шаралар жүргізіліп, су мен ауа сынамалары алынды. Алғашқы мәліметтерге сәйкес, хлор буы бойынша шекті мөлшерден асу анықталмаған. Зертханалық сараптама жалғасып жатыр.

Аталған жағдай бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдары басталды. Облыс әкімінің тапсырмасымен зардап шеккендер Денсаулық сақтау басқармасының бақылауында. Сонымен қатар, өңірдегі барлық бассейндер мен аквапарктерге кешенді тексеру жүргізілмек.

Өзгелердің жаңалығы