Атыраудағы балабақшада 3 жасар қыздың саусағы жұлынып кеткен

26 Маусым 2023, 20:32
1522
Бөлісу:
Атыраудағы балабақшада 3 жасар қыздың саусағы жұлынып кеткен
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Атырауда жекеменшік балабақшалардың бірінде үш жастағы баланың саусағы жұлынып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"ҚазАқпарат" агенттігінің мәліметіне сүйенсек,  тәрбиеші зардап шеккен баланы ауруханаға өзі апарған.

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, кішкентай бөбек сол қолындағы саусағынан айырылған.

Оған тиісті медициналық көмек көрсетілді. 

Ата-ананың өтініші бойынша полиция тергеу амалдарын бастап кетті.

ҚР ҚК 141-бабы ("Бала денсаулығы мен өміріне қатысты қауіпсіздікті қамтамасыз етуде өз міндеттерін орындамау") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот сараптамасы тағайындалды, - делінген полиция хабарламасында.

Агенттік деректеріне сүйенсек, оқыс оқиға үш жасар қыз әткеншекте ойнаған кезде болған.

Өзгелердің жаңалығы