Атырауда жұмысшылар тамақтан уланып қалды

6 Маусым 2021, 06:20
2696
Бөлісу:
Атырауда жұмысшылар тамақтан уланып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда газ-химия кешенін салып жатқан «Bazis Construction» ЖШС-нің 23 жұмысшысы тамақтан уланып, ауруханаға жеткізілді, деп жазады «Экспресс-К».

Олар №2 облыстық инфекциялық ауруханасына жатқызылған.

Сағат 19:45 шамасында бірден 21 адам ауруханаға жеткізілді. Олардан кейін тағы 2 жұмысшыны мекеме көлігі алып келді. Бәрінің басы ауырып, іші өтіп, құсқан. Сондай-ақ әлсіздік байқалды. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді, – дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Дәрігерлер науқастарға «тамақ токсикоинфекциясы» диагнозын қойды.

Алдын ала тексеру нәтижесі бойынша, мекеме асханасында санитарлық талаптар сақталмаған. Асхана уақытша жабылып, компанияның өзге 300-ден астам жұмысшысы дәрігерлердің бақылауына алынған.

Өзгелердің жаңалығы