Атырауда жолаушыларды заңсыз тасымалдаған автобустарға рейд жүргізілді

9 Тамыз 2020, 19:17
1693
Бөлісу:
Атырауда жолаушыларды заңсыз тасымалдаған автобустарға рейд жүргізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында карантин режиміне қатысты шектеу шараларын енгізуге қарамастан тасымалдаушылар тұрақты емес қалааралық тасымалдарды жүзеге асыруда. 

Жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың алдын алу мақсатында ҚР ИИДМ Көлік комитетінің тапсырмасына сәйкес, көліктік бақылау Инспекциясы, Атырау көлік прокуратурасы, жергілікті полиция департаменті және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп жұмыс тобы құрылып, рейдтік жұмыстары жүргізілді.  

Рейдтік шара барысында ағымдағы жылдың 4 тамыз күні "Атырау-Орал" тасжолында 35 жолаушыны "Атырау-Шымкент" және Жұлдыз ықшам ауданынан 27 жолаушыны "Атырау-Шымкент" қаласына тасымалдауға шыққан автобус тасымалдаушылары анықталып, автокөлік құралы тоқтатылды. Құзырлы органдардың қызметкерлерімен бірлесе тексеру барысында заңбұзушылықтар анықталды, - делінген хабарламада.

Нәтижесінде тасымалдаушылар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 590-бабы 8-бөлімімен жауапкершілікке тартылды. 

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 6 тамызында "Шымкент-Атырау" бағыты бойынша екі жолаушылар автобусы тоқтатылды. Тексеру нәтижесінде тасымалдаушылар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 590-бабының 8-бөлімі, 571-572-баптарының 2-бөлімі бойынша жауапкершілікке тартылды.

Жоғарыда көрсетілген заңбұзушы тасымалдаушылардың құжаттары әрмен қарай тексеру жұмыстарын жүргізіп, заңбұзушылықтарды анықтау үшін Атырау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне жолданатын болады. 

Алдағы уақытта құзырлы органдармен бірлескен рейдтік іс-шара жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетін болады.  

Өзгелердің жаңалығы