Атырауда жол жөндеуге бюджеттен 9,7 млрд теңге бөлінді

27 Наурыз 2023, 08:33
1257
Бөлісу:
Атырауда жол жөндеуге бюджеттен 9,7 млрд теңге бөлінді
Фото: 24.kz

Атырауда жолды қайта жаңғыртуға 9,7 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Әлібек Мұханбеталиевтің мәліметінше, шаһардағы жолдың жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 90%-ға жеткізу жоспарланып отыр.

Биыл жолды қайта жаңғырту мен салу үшін республикалық, жергілікті бюджеттен 9,7 млрд теңге бөлінді. Қаладағы С.Датов, Азаттық көшелерінің, Атырау-Индер, Атырау-Дамбы, Атырау-Астрахань бағытына шығатын жолдың шаһар аумағындағы бөлігі қайта жаңғыртылады. Бұл үшін 4,2 млрд теңге қаражат қарастырылған. Ал, Еркінқала, Еркінқала-2, Ракуш, Алмалы, Томарлы ауылдары мен «Балауса» шағын ауданында, сондай-ақ, Бейбарыс даңғылынан «Атырау-Астрахань» автокөлік жолына дейінгі аралығына жол салынады. Оған 4,6 млрд теңге бөлініп отыр. Жаяу жүргіншілерге арналған жолды салу үшін 892 млн теңге жұмсалады. Шаһар маңындағы Атырау, Дамбы, Ақсай, Қайыршақты, Еркінқала ауылдарында, Атырау қаласында, Геолог, Жұмыскер елді мекендері жаяу жүргінші жолы салынады, – деді Әлібек Мұханбеталиев.

Оның айтуынша, М.Әуезов көшесі мен Зарослый елді мекеніндегі жобаларға түзетулер енгізіліп жатыр. Ал, «Атырау-Еркінқала» автокөлік жолы, Әбілхайыр хан даңғылынан Жастар көшесіне дейінгі жол аралығын қайта жаңғыртудан өтеді. Әбілхайыр хан мен Бейбарыс даңғылдарын қосатын автокөлік жолының жобасы ашық электронды конкурсқа берілген.

Өзгелердің жаңалығы