Атырауда жол апатынан 4 балалы отбасы қаза болды

18 Маусым 2023, 18:27
6434
Бөлісу:
Атырауда жол апатынан 4 балалы отбасы қаза болды
VIDEO
Фото: polisia.kz

Атырауда бір отбасының 6 адамы жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

18 маусым күні сағат 9:10 шамасында "Атырау-Ақтөбе" тас жолы тұсында Lada Priora және Yutong автобусының қатысуымен ірі жол-көлік оқиғасы болдыы. 

Оқиға салдарынан 1985, 2013, 2016, 2019, 2021 жылдары дүниеге келген жолаушылары оқиға орнында қаза болып, Lada Priora автокөлігінің 1982 жылы дүниеге келген жүргізушісі Атырау облыстық ауруханасында алған дене жарақаттары салдарынан қаза тапты. Қаза тапқандар төрт баласы бар ерлі-зайыптылар, яғни бір отбасы. Аталған факті бойынша қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, - деді Атырау қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының командирі Дәурен Насиполла.

Өзгелердің жаңалығы