Атырауда жас сарбаздар әскери ант қабылдады

16 Тамыз 2020, 14:44
3804
Бөлісу:
Атырауда жас сарбаздар әскери ант қабылдады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 16 тамыз күні Атырау гарнизонының әскери бөлімінің саптық алаңында жас толысымдағы сарбаздар әскери ант қабылдады. 

Атырау гарнизонының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Түркістан және Алматы облыстарынан шақырылған 85 әскери қызметші салтанатты жағдайда әскери анттарын қабылдады. 

E98A4047.JPG

Іс-шараға "Батыс" өңірлік қолбасшылығының әскерлері қолбасшысы, полковник Нұрлан Алдияров пен Қарулы күштердің ардагерлері қатысты. Биыл карантиндік шектеулерге байланысты әскери қызметшілердің ата-аналары мен туысқандары жас қорғаушыларды келіп қолдап, құттықтай алмады. Алайда, ата-аналары мен туыстарынан келіп түскен хаттарды командирлер әскери трибунадан оқып берді.

E98A3996.JPG

Бүгін осындай салтанатты жағдайда біздің ұлдарымыз әскери ант қабылдауда. Кеше ғана сендер емін-еркін жүрген боз бала едіңдер, ал бүгін Отан қорғаушы атанып отырсыздар. Әрбір ата-ана осы уақытта өз үйлерінде толқып, тақымын қысып отыр. Сіздер әрқайсымыздың мақтанышы мен тірегіміз екендеріңізді ұмытпауларынызды сұраймын. Елге абыроймен оралыңдар, балаларым. Баршаңызды осы мерекемен құттықтаймын және Отанымыздың игілігі үшін лайықты қызмет етулеріңізді тілеймін, - деп жазды сарбаз Алдияр Есалының анасы Гүлсара Раимқұлқызы.

E98A4032.JPG

Алматы облысынан шақырылған қатардағы жауынгер Руслан Скобцов - сол күні әскери ант қабылдаған жас сарбаздардың бірі.

Біз барлығымыз ант қабылдағанымызды мақтан тұтамыз және егемен Қазақстанға құрметпен қызмет етеміз! Бізге алғашқы әскери дайындықты үйреткен барлық командирге рахмет, біз сіздердің сенімдеріңізді ақтаймыз, - деді әскери қызметші өз сөзінде.

E98A4011.JPG

Ант қабылдағаннан кейін әскерге шақырылушылар кіші мамандарды даярлау бағдарламасы бойынша әскери дайындықты бастайды. Алдағы уақытта оларды бірінші оқу-жаттығулары, жаяу шерулері мен атыс дайындықтары күтіп тұр.

Өзгелердің жаңалығы