Атырауда жалған вакцина паспортын дайындаған емхана қызметкері ұсталды

31 Шілде 2021, 22:23
4690
Бөлісу:
Атырауда жалған вакцина паспортын дайындаған емхана қызметкері ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда жалған вакцина паспортын дайындаған емхана қызметкері ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

31 шілде күні жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Атырау облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері Атырау облысы әкімдігі мен прокуратурасымен бірлесіп Egov.kz ақпарат жүйесіне Covid-19 вакцинасын алу туралы ақпаратты нақты егілмеген адамдарға ақшалай сыйақы үшін енгізумен айналысқан 1981 жылы туған медициналық қызметкерді анықтап, ұстады.

Кінәсін мойындаған күдікті жалған ақпарат енгізу үшін 10 мың теңге алғанын айтқан. 

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 206-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.


Өзгелердің жаңалығы