Атырауда заңсыз жүрген 15 шетелдік елден шығарылды

Оларға Қазақстанға 5 жыл мерзімге қайта кіруге тыйым салынды.

 Polisia.kz Кеше 2026, 23:55
Кеше 2026, 23:55
85
Фото: Polisia.kz

Атырау облысында көші-қон заңнамасын бұзған 15 шетелдік азамат Қазақстан аумағынан мәжбүрлі түрде шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Көші-қон қызметі бөлімшелері сот шешімдерін орындаудан жалтарып жүрген шетел азаматтарын анықтау және көші-қон талаптарының сақталуын бақылау мақсатында кешенді іс-шаралар жүргізген. Нәтижесінде елден шығару туралы сот шешімін өз еркімен орындамаған 15 адам анықталып, мәжбүрлі түрде ел аумағынан шығарылды.

Заң бұзған азаматтар Тәжен-авто бақылау-өткізу бекеті арқылы шекарадан өткізілген. Оларға Қазақстанға 5 жыл мерзімге қайта кіруге тыйым салынды.

Сонымен қатар құқық қорғау органдары көші-қон заңнамасын бұзудың алдын алу мақсатында шетел азаматтары мен оларды қабылдаушы тараптар арасында түсіндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Заң талаптарын сақтау және ел аумағында болу тәртібі мен мерзімдерін бұзбау қажеттігі жөнінде ескертулер берілуде.

Наверх