Атырауда түрмелерге арыз-шағым қабылдайтын терминалдар орнатылды

16 Ақпан 2021, 03:16
1340
Бөлісу:
Атырауда түрмелерге арыз-шағым қабылдайтын терминалдар орнатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелерге арыз-шағым қабылдауға арналған терминал орнатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сотталғандар жіберген арыз-шағымдар бірден прокурорға немесе өзге де құқық қорғау органдарына түседі.

Сотталғандар саусақ ізі арқылы құқық қорғау органдарына шағым немесе өтініш қалдырып, үш күн ішінде жауап алатын болады.

Терминал сотталғандарға қолжетімді жерге қойылды. Сотталғандар жіберген арыз-шағымдар бірден прокурорға немесе өзге де құқыққорғау органдарына түседі. Яғни мекеме әкімшілігі араласа алмайды. Мәселен, азаптауға қатысты арыз-шағымдар сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметіне жолданса, қызмет өкілеттіктерін асыра пайдалануға қатысты шағым полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік бөлімшесіне жіберіледі, – дейді Атырау облысы бойынша ҚАЖД бастығы Манарбек Габдулин.
 

Департамент басшысының айтуынша, барлық мекемедегі сотталғандарға терминалды қолдану тәртібі түсіндірілген. Сондай-ақ, арыз-шағымдарды мекемелердің сенім телефоны арқылы да қалдыруға болады.

Өзгелердің жаңалығы