Атырауда шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді

6 Шілде 2022, 16:25
1444
Бөлісу:
Атырауда шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. 

31 900 гектар жерде химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Оның 3 800 гектары итальян прусына қарсы Вантекс пестицидімен және 28 100 гектары азиат шегірткесіне қарсы Локустин, Тарзан пестицидтерімен жүзеге асырылған.

Шегіртке зиянкестерінің ошағын анықтау үшін 16 дана GPS навигатор,  планшеттерді пайдалана отырып, штаттық бірліктегі 16 автокөлік пен 40 сала маманры тартылды.

 Қызмет көрсетуші мердігер компаниялар «АвиаСила» ЖШС-нің 2 дана дельталеттерімен әуе тәсілі арқылы және Батыс Қазақстан облысының «Магтоксин» ЖШС-нің 1 дана атомайзерлі бүріккіш аппаратурасымен жерүсті тәсілі арқылы жұмыс атқарды. Пестицидтердің биологиялық тиімділігі 96-97 пайызды құрады. Жергілікті шаруагерлер мен жер иелері биыл жасалған жұмысқа дән ризашылығын білдіріп жатыр, - деді А.Казиева.

Сонымен қатар, биыл қалыптасқан ауа-райына байланысты өңірде басқа да зиянкестердің белсенділігі артты. Қызылқоға ауданында жусан күйесі, барлық аудандар мен қала маңында шалғын мен ошаған көбелектерінің таралуы орын алды.

10 маусым күні Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығына өзгеріс енгізіліп, шалғын көбелегі аса қауіпті зиянды организмдер тізіміне енгізілді. Ендігі жерде оларға қарсы фитосанитариялық іс-шараға қаражат көзі жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылатын болады.

Өзгелердің жаңалығы