Атырауда санитарлық тазалық бойынша рейд жүргізілуде

14 Сәуір 2022, 20:30
1907
Бөлісу:
Атырауда санитарлық тазалық бойынша рейд жүргізілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Aтырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов «Рамазан» сауда орталығында санитарлық тазалық бойынша рейд жүргізді, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Шара барысында орталық әкімшісіне сауда нысанының сыртқы келбеті мен абаттандыру жұмыстарына, дүкендердің атауы көрсетілген тақтайшалардың бояуы кетіп және істен шыққан жарық шамдарға қатысты ескерту жасалды.

Облыс әкімі Серік Шәпкеновтың тапсырмасына сәйкес облысымыздың қала және барлық ауданында 16 мамырға дейін айлық санитарлық тазалық жұмыстары басталып кетті. Әр қала, аудандарда арнайы құрылған штаб бар. Мысалы, Атырау қаласы бойынша 10 аумаққа бөлінген. Бекітілген ережеге сәйкес барлық нысан иелері тиесілі ғимаратты күтіп ұстауы қажет. Эстетикалық тұрғыда тазалық жағына және айналасындағы абаттандыру жұмыстарына мән берілуі керек, - деді Бекенов.

Санитарлық тазалық жұмыстарына қатысты құрылған штаб құрамында әкімдік және полиция қызметкерлері бар. Тексеру жұмыстары барысында нысан иелеріне анықталған кемшіліктерге байланысты ескерту қағаздары берілді.  

Кемшіліктер ережеге сәйкес, белгілі бір күн аралығында жойылмаса немесе орындалмаса әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын ескертеміз. Сонымен қатар, тұрғындарға, әрбір нысан иелеріне өздеріне тиесілі ғимараттарды күтіп ұстауға және қаланың көркеюіне өз үлесімізді қосуға шақырамын, - деді облыс әкімінің орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы