Атырауда құжатсыз жүрген төрт Қытай азаматы ұсталды

24 Қараша 2023, 03:18
2433
Бөлісу:
Атырауда құжатсыз жүрген төрт Қытай азаматы ұсталды
Фото: polisia.kz

Атырау облысында құжатсыз жүрген төрт Қытай азаматы анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау ПД-не сілтеме жасап.

22 қараша күні сағат 10:30 шамасында Атырау қаласы Каспий ықшам ауданында орналасқан тұрғын үйлердің бірін тексеру кезінде Қытай Халық Республикасының 4 азаматының жеке басын анықтайтын төлқұжаты жоқ екенін анықтаған, - делінген хабарламада.

Шетел азаматтары қабылдау-тарату орнына орналастырылып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, Атырау қаласы полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің инспекторлары жинақталған іс-құжаттарды сотқа жолдаған.

Өзгелердің жаңалығы