Атырауда қонақтарға бекіре берген мейрамхана иесі қылмыстық жауапкершілікке тартылды

11 Шілде 2023, 16:02
3515
Бөлісу:
Атырауда қонақтарға бекіре берген мейрамхана иесі қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Фото: - архив

Атырау облысында заңсыз ауланған бекіре тұқымдас балықты ұсынған мейрамхана иесі қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Әкімшілік полиция комитеті Табиғатты қорғау полициясы тобының Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әлішер Жармағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Айтуынша, ішкі істер органдары балықты заңсыз қолдану дерегінің жолын кесуге белсенді қатысады.

Биыл Атырау облысында балық қорғау акциясының аясында заңсыз ауланған бекіре тұқымдас балықты ұсынған кәсіпкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Біздің шұғыл, процессуалдық бөлімшелер ондай ақпарат түскен кезде жылдам әрекет етіп, сәйкесінше, құқық бұзушыларды заңда бекітілген жауапкершілікке тартады, - деп атап өтті аға инспектор.

Айта кетерлігі, акция барысында Атырау облысының құқық қорғау және табиғат қорғау органдарымен Исатай, Жылыой және Құрманғазы аудандары, Дамба бағыты, сондай-ақ «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының су айдындары сияқты ең криминогенді учаскелер пысықталды.

Сондай-ақ облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекцияларын материалдық-техникалық жарақтандыруды одан әрі нығайтуға 2023 жылы республикалық бюджеттен 1,9 млрд теңге бөлінгені белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы