Атырауда прокурорлар қазынаны 10,7 млрд теңгеге толықтырды

20 Желтоқсан 2023, 09:19
530
Бөлісу:
Атырауда прокурорлар қазынаны 10,7 млрд теңгеге толықтырды
Фото: BAQ.KZ - архив

Атырау облысының прокуратурасы табиғатты пайдалану субъектілерінің экологиялық заңнама талаптарының сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

​Талдау шеңберінде парниктік газдар квотасынан асып кету, эмиссияны экологиялық рұқсатсыз жүзеге асыру, сондай-ақ рұқсат етілген шығарындылар нормаларынан асып кету және жердің ластану фактілері анықталды.

​Енгізілген прокурорлық қадағалау актілерінің нәтижеcімен «Karabatan Utility Solutions» ЖШС және «Теңізшевройл» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

​Осылайша, прокуратура уақтылы қабылдаған шаралармен жоғарыда аталған компанияларды сот кінәлі деп таныды, өндіріп алынған айыппұл мөлшері 10,7 млрд теңге.

Өзгелердің жаңалығы