Атырауда полиция тұрғындарды тонаған 3 күдіктіні қолға түсірді

13 Тамыз 2024, 16:01
1219
Бөлісу:
Атырауда полиция тұрғындарды тонаған 3 күдіктіні қолға түсірді
Фото: polisia.kz

Атырау облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 2 тонау қылмысының жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Атырауда мейманханалардың бірінде 39 жастағы тұтынушыға күш қолданып оның бағалы алтын жүзігі мен қолсағатын және 1 млн 200 мың теңге ақшасын ашық түрде тонаған 23 және 18 жастағы күдіктілер анықталып ұсталды. 

Сондай-ақ 45 және 42 жастағы тұрғындардың телефондарын жымқырған 36 жастағы күдікті ізін суытпай анықталып, ұсталды. Қазір күдіктілерге қатысты тонау дерегімен тергеу амалдары жүргізілуде. 

Айта кетейік, тонау қылмысы үшін күдіктіге 3 жылдан 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Өзгелердің жаңалығы