Атырауда пәтер өртеніп, 7 адам құтқарылды

30 Мамыр 2023, 20:57
517
Бөлісу:
Атырауда пәтер өртеніп, 7 адам құтқарылды
VIDEO
Фото: Атырау облысы ТЖД

Оқыс оқиға бүгін таңертең Атыраудағы алты қабатты үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін, 30 мамыр күні сағат 10:35-те Атырау қаласы Сырым Датов көшесінде орналасқан 6 қабатты үйлердің бірінің балконынан түтін шыққаны туралы шақырту түсті.

Шақырту орнына санаулы минутта жеткен өрт сөндірушілер бесінші қабаттағы пәтерде тұрмыстық заттардың жануын анықтады. Департамент қызметкерлерінің күшімен 7 адам, оның ішінде 5 бала автосаты арқылы 5-ші және 6-шы қабаттан құтқарылды және де дәліз баспалдағы арқылы құтқару қалпақтарын пайдалана отырып 44 адам, оның ішінде 15 баланы эвакуациялады. Өрт салдарынан 30 шаршы метр алаңда тұрмыстық заттар жанды, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Өрт сөндірушілердің жедел іс-әрекетінің нәтижесінде 30 минут ішінде адамдар құтқарылып, өрт жойылып, өрттің басқа пәтерлерге таралуына жол берілмеді.

Өрттің шығу себептері анықталуда, зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 12 қызметкері мен 3 техникасы жұмылдырылды. Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары, тұрғын үйлердегі, пәтердегі өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз, - деп ескертті облыстық ТЖД.

Өзгелердің жаңалығы