Атырау қаласының тұрғыны сот үкімімен алаяқтық және азғыру тәсілімен лауазымды адамға айтарлықтай мөлшерде пара беруге көндіріп, айдап салғаны үшін кінәлі болып танылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атырау қалалық сотының үкімімен ол 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Сот актісінің заңдылығын тексеру кезінде сот 10 млн теңгені қылмыстық құқық бұзушылық жасау нəтижесінде алынған қаржыны мемлекет кірісіне негізсіз тәркілемегені анықталды. Бас прокуратураның кассациялық наразылығы бойынша сот актілері өзгертіліп, қаражат мемлекет пайдасына өндірілді, - деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Астанада полицейлерді балағаттаған тұрғын 3 жылға сотталып кетті.
Тағы оқи отырыңыздар:
Мұғалімді "жемқор" деп айыптаған Тараз тұрғынына айыппұл салынды
Астанада емхана қаржысын жымқырғандар Италияға демалып кеткен
Қостанайда мемлекеттік субсидияны жымқырғандарға үкім шықты