Атырауда өзін-өзі өртеп жіберген ер адам қайтыс болды

18 Қаңтар 2024, 04:19
461
Бөлісу:
Атырауда өзін-өзі өртеп жіберген ер адам қайтыс болды
Фото: Архив BAQ.KZ

Атырау облысы Доссор ауылында өзін өртемек болған 1961 жылы туған ер кісі қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өзін өртемек болған ер кісі бүгін таңғы сағат 04:30 минутта облыстық аурухананың жан сақтау бөлімінде есін жимай қайтыс болды.

Осыдан екі күн бұрын дәрігерлер науқастың жағдайы өте ауыр және денесінің 81 пайызын күйік шалғанын айтқан еді. 

Еске салайық, бұған дейін Атырауда ер адам өз-өзін өртеп жібергені туралы жазған болатынбыз. Оқиға 13 қаңтарда күндіз болған. Мақат аудандық полиция бөліміне 16 сағат 45 минуттар шамасында Доссор ауылының Б.Аймағамбетов көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінде ер азаматтың өзін өртеп жібергені туралы ақпарат түскен.

Мұндай қадамға ол отбасында болған дау-жанжалдан соң барған.

Өзгелердің жаңалығы