Атырауда өзенге құлап кеткен 7 жасар баланы әкесі құтқарып қалды

30 Мамыр 2021, 20:06
21046
Бөлісу:
Атырауда өзенге құлап кеткен 7 жасар баланы әкесі құтқарып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда шомылу маусымы әлі басталған жоқ, бірақ адамдар су жағасына келіп демалып жатыр.

28 мамыр күні сағат 20:03 шамасында ер адам жасөспірім балаларымен Жайық өзенінің жағасында демалды. Осы кезде 6-7 жастағы екі баланың бірі абайсызда өзенге құлап кетеді, ер адам тез арада баланы судан алып шығады. 

Атырау облысы ПД баспасөз қызметі бұл оқиғаны Атырау қалалық жедел бақылау орталығының бейнебақылау қызметкерлері байқап, оқиға орнына жақын жердегі патрульді бірден жібергенін хабарлады. 

Жағалауға келген полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған екі жасөспірімнің әкесіне профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

Тыйым салынған жерде өзенге шомылғаны үшін ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, «ескерту» жасалды, - деп атап өтті Атырау облысы полиция департаментінің басшысы Қамза Үмбетқалиев.

Өзгелердің жаңалығы