Атырауда нан қымбаттады

12 Қаңтар 2023, 19:50
1077
Бөлісу:
Атырауда нан қымбаттады

Ас атасының құны 10-15 теңгеге дейін көтерілген. Бұған қажетті қоспалардың қымбаттауы себеп болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Наубайханалар да, өз шығынын, өтей алмайтынын айтады. Атыраулықтар нанды бұған дейін 100-105 теңгеден алып жүрді. Қазір баға кей жерде 120-ға дейін өскен. Біраз уақыт бойы тұрақты тұрған ас атасының құны қаңтардан бастап 10-15 теңгеге көтерілді. Өңірде нан бағасы соңғы рет 2021 жылдың қараша айында 10 теңгеге қымбаттаған. 

Енді нан бағасының өсуіне қажетті қоспалардың қымбаттауы себеп екен. Облысқа тасымалданатын өсімдік майы, қант, ашытқы, жұмыртқаның бағасы едәуір өскен. Қазір жауаптылар өңірге бидай жеткізу үшін келіссөздер жүргізіп жатқанын айтады. 

Осы жылға тиісті қор қалыптастырылып жатыр. Қазіргі таңда министрлікте Атырау өңіріне тиісті сұраныс берілген бидайға. Енді сол бидай бөлінгеннен кейін, Атырауға жеткізіліп наубайханаларға арзан бағамен берілетін болады. Қазір қалада 450 тоннадай ұн бар, бұл қор тек ақпан айына дейін жетеді. Жергілікті әкімдік министрліктен 20 мың тоннадай бидай сұратып отыр. Жауаптылардың болжамы бойынша алға қарай да тағы баға өсуі мүмкін, - деді қалалық Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Руслан Дәулетов.

Өзгелердің жаңалығы