Атырауда мүгедек жандардың құқықтары қорғалды

2 Тамыз 2019, 20:13
1635
Бөлісу:
Атырауда мүгедек жандардың құқықтары қорғалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысының Исатай ауданының прокуратурасы өнім берушімен жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектердің жеке көмекшілерінің уақыттарын заңсыз шектеу фактілерін анықтады, деп хабарлады Бас прокуратураның ресми сайты.

"Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Мақат» корпоративтік қоры жеке көмекшілердің шарттарында қызмет көрсету уақытын 2-ден 6 сағатқа дейін шектеген. Бұл қолданыстағы заңнаманы бұзу болып табылады, себебі мүгедектердің қажеттіліктеріне байланысты күніне 8 сағатқа дейін қызмет көрсету уақыты қарастырылған", - делінген таратылған ақпаратта.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жергілікті атқарушы органмен заң бұзушылықтар жойылып, бірінші топтағы 12 мүгедектердің құқықтары қорғалды. Кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Өзгелердің жаңалығы