Атырауда мектептегі қысымнан кейін жоғалып кеткен оқушы қыз табылды

Мектептегі қысымнан кейін жоғалып кеткен 10-сынып оқушысы аман-есен табылды.

 azh.kz Бүгiн 2026, 11:32
Бүгiн 2026, 11:32
222
Фото: azh.kz

Мектеп басшылығымен болған бірқатар жанжалдардан кейін бір апта бойы із-түзсіз жоғалып кеткен 15 жастағы Інжумаржан Қуанышқызы Атырауда табылып, ата-анасына тапсырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қыздың анасының айтуынша, ол «Жайық-Бином» мектебіне ауысқаннан кейін тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарымен келіспеушіліктер басталған. Отбасының сөзінше, бұл жағдай уақыт өте келе қысым көрсетуге ұласқан. Сыныптастарынан қыздың үстінен ұжымдық түсініктеме жазу талап етілген, ал ата-анасына құжаттарын алып кету ұсынылған.

20 ақпанда мектепте анасына оқушылардың түсініктеме жазбаларын көрсетіп, қызын оқудан шығару мәселесін көтерген. Осы кездесуден кейін оқушы үйіне оралғанымен, арада біраз уақыт өткен соң пәтерден шығып кетіп, қайта оралмаған. Анасы дереу полицияға жүгінген.

Өңірлік Полиция департаментінің мәліметінше, іздестіру шаралары шұғыл түрде жүргізілген.

Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын өткізді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде кәмелетке толмаған қыздың жүрген жері анықталды. Ол ата-анасына тапсырылды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Еске салсақ, Атырауда 7 күннен бері жасөспірім қыз іздестіріліп жатқаны хабарланған болатын.

Наверх