Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ОКҚ-да өткен баспасөз брифингте аймақта пайдалануға берілген мектептер туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Өңір басшысының айтуынша, биыл 12 340 оқушыға арналған 10 мектеп пайдалануға берілді.
Жыл соңына дейін 1 200 оқушыға арналған тағы 1 мектеп ашылады. Оған қоса, «Жайлы мектеп» жобасы аясында 15 600 оқушыға арналған 9 мектептің құрылысы басталды. 2024 жылы 9 200 оқушыға арналған 3 мектептің құрылысын бастап, 2025 жылы аяқтау жоспарланып отыр, - дейді Шәпкенов.
Сондай-ақ 2024-2025 жылдары жергілікті бюджет есебінен 50 мектепке қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Ал осы жылы 3 мектеп күрделі жөндеуден өтті. Жыл соңына дейін 6 мектепте, 2024 жылы 1 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады.
Сонымен қатар осы жылы оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 23 автобус сатып алынды.
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ОКҚ-да өткен брифингте өңірдің экономикалық жағдайы жайлы айтып бергені туралы осыған дейін жазғанбыз.