Атырауда «Мәуліт» кеші өтті

18 Қазан 2022, 18:09
1768
Бөлісу:
Атырауда «Мәуліт» кеші өтті
Фото: автордан

Атырау облысында «Өнер қырандары» әзіл-ысқақ театры ұжымының қатысуымен «Мәуліт кеші» өтті, деп хабарлайды Атырау облысындағы BAQ.KZ  тілшісі. 

Іс-шараны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысындағы өкілдері ұйымдастырған. Мерекеге өңірдің бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы, ақсақалдар, зиялы қауым өкілдері, имамдар мен жергілікті тұрғындар қатысты. 

Атырауда «Мәуліт» кеші өтті

Кеште жиылғандарға Пайғамбардың өмірбаяны жайлы деректер мен уағыздар айтылды. Қарилар мәуліт жырын оқып, өнер қырандары театры өмірдегі жәйттарға негізделген «Көрші ақысы-Тәңір ақысы», «Дүниеге мастанбау», «Адал ас» сынды өнегелі қойылымдарын көпшілікке ұсынды. Мерекеге орай Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы “Иманғали” орталық мешітінде қызмет етіп келе жатқан Амантай Саудабаевқа Умра қажылығына жолдама берді.

Аллаға шүкір, азаттықтың ақ таңы атқалы мешіттеріміз көбейіп, осындай зәулім ғимараттарда біз үлгі тұтатын абзал жанның мәулітін үлкен деңгейде атап өтіп келе жатырмыз. Адамзаттың ардақтысының өнегелі өмірі, күллі мұсылман жұртшылығы үшін өнеге. Күн-түн демей құлшылық етіп кейінгі үмметі үшін Жаратқаннан медет, жақсылық тіледі. Қасиетті Құранда Пайғамбарымыз (с.ғ.с) дәрежесінің жоғары екендігі турасында аяттар бар. Аллаға сансыз шүкірлер, Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с)  сансыз салауаттар болсын, - дейді А.Ұтысханұлы.

Айта кетейік, Мәуліт – Алланың елшісі,  Адамзаттың асылы, Пайғамбарлардың ардақтысы Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған уақытына байланысты атап өтілетін діни мереке. Имамдар жастардың санасына діни сауаттылықты, имандылықты, жақсы-мінез құлықты сіңіру бұл кештің мәні ерекше екенін айтады. 

Өзгелердің жаңалығы