Атырауда көші-қон заңнамасын бұзған 1486 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды

6 Шілде 2022, 15:41
1263
Бөлісу:
Атырауда көші-қон заңнамасын бұзған 1486 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы аумағында заңсыз көші-қон деректерінің алдын алу, анықтау және жолын кесу, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жіберетін Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзу мақсатында 27 маусым мен 4 шілде аралығында “Заңсыз келуші- 2022" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. 

Облыстық полиция департаменті хабарлағандай, іс-шара барысында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін барлығы 1486 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 900 шетелдік азамат Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тартылды.

​Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін сот шешімі бойынша елден 25 шетелдік шығарылды. 

Сондай-ақ іс-шара өткізу барысында Қазақстан Республикасының 587 азаматына қатысты ҚР-ның Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны және шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді ҚР заңнамасын бұза отырып тартқаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды. 

Айта кетейік, атыраулық полиция қызметкерлері құрылыс нысандарында Өзбекстан Республикасының 117 азаматын құжаттарсыз заңсыз жүзеге асырғанын анықтады, қазіргі уақытта шетелдік азаматтарды қабылдау-тарату орнына орналастырды.

Өзгелердің жаңалығы