Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында коронавирус індетінен жазылып шыққандар 93 пайызға жетті. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.
Өткен тəулікте 390 адам коронавирустан жазылып шықты. Бұл жерде коронавирус инфекциясының симптомды, симптомсыз түрімен сырқаттанған науқастардың арасында емделіп шыққандардың барлығы есепке алынып отыр, - делінген баспасөз хабарламасында.
Айта кетелік, Атырау облысында ресми статистикаға сәйкес, инфекция жұқтырғандар саны – 10717. Олардың 10 002-сі жазылып шықты. Ал облыстағы карантиндік стационарлар толықтай жабылды.