Атырауда көпбалалы аналар марапатталды

6 Шілде 2022, 17:10
1350
Бөлісу:
Атырауда көпбалалы аналар марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президентінің 2022 жылғы 25 мамырдағы №902 Жарлығымен Атырауда 11 ана «Алтын алқа» және 46 ана «Күміс алқа» иегері атанды. Аналарды марапаттау рәсімі Астана күніне орай ұйымдастырылды.

Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде өткен салтанатты шараға Атырау қаласы әкімінің орынбасары Самат Емберген қатысты. 

Біздің қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттік қызмет пен қоғамдық істе де, кәсіпкерлік пен тәлімгерлікте де тамаша табыстарға қол жеткізе отырып, саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Осы ретте, елдің өсіп, өркендеуіне үлес қосып отырған ардақты жандар аман болсын - деген әкім орынбасары аяулы аналарды алған наградаларымен құттықтап, аналардың бала тәрбиесіндегі және қоғамдағы жоғары рөлін айрықша атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы