Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс орталығындағы Азаттық, Әбілхайыр хан және Сәтбаев даңғылдарында орамды гүлзар пайда болады, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
"Биыл қала көшелерін көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Атап айтсақ, көктем мен жаз мезгілдерінде 12 мың шаршы метр жерге бірнеше мың гүл егілді. Олар: раушан, петуния, тагетис, цинерария, портулак, сальвия. Сондай-ақ, барлық көшелер мен саябақтарда ағаштарды әктеу, бағаналар мен арықтарды жөндеу, талдарды суару және 40 мыңға жуық ағашты баптау жұмыстары жүргізілді", - делінген Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарламасында.
Сонымен қатар, 3000-нан аса ағаш пен 700 метр ағаштан тұрғызылған қоршау отырғызу жобасы да әзірленуде. Жаңадан отырғызылған ағаштар Тайманов пен Байжігітов көшелерінде, ал қоршау Сәтбаев даңғылының бойында кей бөліктерінде бой көтереді. Бұл жұмыстар алдағы күз мезгіліне жоспарланып отыр.