Атырауда грепплинг бойынша Азия чемпионын өлтіріп кетті

11 Тамыз 2020, 19:19
1783
Бөлісу:
Атырауда грепплинг бойынша Азия чемпионын өлтіріп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда грепплинг бойынша Азия чемпионы, белгілі спортшы Есенбек Сигуатовты өлтіріп кетті.

Бұл туралы zakon.kz жазды.

9 тамызда көшедегі төбелес салдарынан 18 жастағы спортшы жүрек тұсынан оқ жарақатын алған.

Полиция адам өлтірді деген күдікпен қылмыс жасаған азаматты ізін суытпай ұстады. Қазір ол Атырау қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторында. 

Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Өзгелердің жаңалығы