Атырауда газ-химия кешені жөндеуге тоқтатылды

28 Маусым 2023, 23:28
1190
Бөлісу:
Атырауда газ-химия кешені жөндеуге тоқтатылды
Фото: «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС баспасөз қызметі

Атыраудағы «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС интеграцияланған газ-химия кешені жөндеуге тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жұмыстар 25 шілдеге дейін жалғасады.

Компанияның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ол кепілді эксплуатациялық сынақтарды жүргізуге және 100% жұмыс режиміне көшуді қамтамасыз ету үшін тоқтатылған.

Теңіз кен орнынан алынған шикізатты қайта өңдейтін кешенде жылына 500 мың тонна полипропилен шығарылады. Бұл – әлемдегі полипропилен өндірісінің 1 пайызын құрайды. Интеграцияланған кешен ішкі нарықтағы полипропилен өніміне сұранысты қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар құрылыс, медицина, автомобиль жасау, тамақ өнеркәсібі үшін полипропиленнен бұйымдар шығаратын шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жұмысын жандандыруға ықпал етеді. Кешенге американдық Lummus Technology Inc компаниясының Catofin және Novolen технологиялары орнатылған. Осыған ұқсас кешендер әлемнің Сауд Арабиясы, АҚШ, Бельгия, Оңтүстік Корея және Қытай секілді бес елінде ғана бар. «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» интеграцияланған газ-химия кешені - Теңіз кен орнындағы шикізатты өңдейтін Қазақстандағы алғашқы жоба, - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Баспасөз қызметі, сонымен қатар, «KPI Inc.» ЖШС Қазақстан аумағында өндірістің тоқтау кезеңінде сұранысты толық қанағаттандыруға жеткілікті игерілген маркалардың қажетті қорын қалыптастырды, осылайша ішкі нарыққа жөнелтулер толық көлемде жалғасып жатқандығын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы