Атырауда есірткі жасырып кетумен айналысқан екі бойжеткен ұсталды

24 Қаңтар 2024, 23:40
394
Бөлісу:
Атырауда есірткі жасырып кетумен айналысқан екі бойжеткен ұсталды
Фото: архив

Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері қала аумағында синтетикалық есірткіні жасыру әдісі (закладка) арқылы сатумен айналысады деген күдікке ілінген 25 пен 22 жастағы Астана қаласының және Павлодар облысының тұрғындарын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдіктілердің тұрғын үйін тексеру кезінде бір дана орама және қала аумағында жасырын тығылған 29 орама тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, бір дана орама заттың ішінде құны 5 миллион теңге болатын а-PVP синтетикалық есірткісі екені анықталды.

Тексеру жұмыстары кезінде күдікті қыздардың Атырауға 2023 жылдың қараша айында синтетикалық есірткі сататын интернет дүкеніне жұмысқа орналасу мақсатында келгені белгілі болды.

Қазіргі уакытта күдіктілерге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы