Атырауда есірткі тасымалдаумен айналысқан африкалық ұсталды

23 Шілде 2022, 18:15
1231
Бөлісу:
Атырауда есірткі тасымалдаумен айналысқан африкалық ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Атырауда синтетикалық есірткі заттарын тасымалдаумен айналысқан Нигерия Федералдық Республикасының 24 жастағы азаматы ұсталды.

Аталған ер адамды Атырау ОПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен ҰҚК Атырау облысы бойынша департаменті “Қарасора-2022” жедел алдын алу іс-шарасы кезінде ұстаған.

Shevrolet cruze маркалы автокөлігін тінту кезінде әрқайсысы салмағы шамамен 1 гр болатын 5 дана полиэтилен қап тәркіленді. Сараптама оның "мефедрон" синтетикалық есірткісі екенін анықтады, - деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі. ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі («Есірткі заттарын аса ірі көлемде заңсыз өндіру, алу, сақтау, тасымалдау»)  бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына  қамауға алынды.

Өзгелердің жаңалығы