Атырауда ер адам көпірден секіріп қайтыс болды

17 Шілде 2021, 15:53
1018
Бөлісу:
Атырауда ер адам көпірден секіріп қайтыс болды

Алматы, BAQ.KZ. Атырауда ер адам көпірден Жайық өзеніне секіріп, мерт болды. Бұл туралы «Ақ Жайық» газеті жазды.

16 шілде күні сағат 22:45-те Атырау облысы полиция департаментіне 30-35 жас шамасындағы ер адам көпірден Жайық өзеніне секіріп, өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама түсті.

ТЖД сүңгуірлері денесін судан шығарып алды. Осы оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы