Атырауда эпидемиологиялық жағдай әлі де күрделі

13 Ақпан 2021, 20:11
1516
Бөлісу:
 Атырауда эпидемиологиялық жағдай әлі де күрделі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы аумағында COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайы әлі де күрделі болып қалуда. Індет жұқтырғандардың басым бөлігі - 53,4%, өндірістік объектілердің жұмысшылары арасынан болып отыр. 

Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Пандемия басталғалы «Теңізшевройл» ЖШС-ның Теңіз кен орны ірі ошақ болып қалуда, сонымен қатар NCOC (Норт Каспиан Оперейтинг Компани) компаниясы, «Атырау қаласындағы ұлттық индустриалды мұнайхимиялық технопарк» арнайы экономикалық аймағындағы CNCEС компаниясы, «Ембімұнайгаз» АҚ құрылымдық бөлімшелері, "ҚазМұнайГаз-Бұрғылау Сервистік бұрғылау кәсіпорны" ЖШС, «МатинПетролеум» ЖШС, «Каспийнефть» АҚ т.б. өндірістік мекемелердің жұмысшылары арасында ауру көптеп тіркелді. 

 «Теңізшевройл» ЖШС өз қызметкерлерінің денсаулықтарына аса қатты көңіл бөліп, КВИ-ға қарсы вакцинациялауды жүргізудегі ынтымақтастықты алғашқылардың бірі болып бастады. ТШО компаниясы вакциналарды сатып алуға, тасымалдауға және сақтауға жұмсалатын қаржылай шығындарды толық өтеуге дайын екендігін мәлімдеуде.  

Осыған орай, барлық өндірістік мекеме қызметкерлерін жұмыс беруші есебінен вакцинациялауды қарастыру бойынша хаттар жіберілді. 

Өнеркәсіптік кәсіпорындардың вахталық қалашықтарында карантиндік шаралардың сақталуына бақылауды күшейту, мониторингтік топтардың күнделікті бақылауларының нәтижесінде,  соңғы айларда індеттің таралуының төмендегені байқалуда.

Өзгелердің жаңалығы