Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 маусым күні таңғы сағат 5:00 шамасында Патрульдік полиция қызметкері Тұрғындар қалашығы шағын ауданында белгісіз екі жігіттің қабырғаға баллонды бояу арқылы жазба салып жатқанын байқайды, деп жазды aikyn.kz
Ал қабырғаға салған жазбалары есірткі сайттарының атаулары екендігі дәлелденді. Және де жасөспірімдердің осындай жазбаны қаланың бірнеше ауданында да жазғаны олардың ұялы телефонындағы фотосуреттер арқылы белгілі болды.Қазіргі уақытта жасөспірімдердің қылмысы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Ал түнгі уақытта балаларын қараусыз жіберген ата-аналарға қатысты ҚР ӘҚБтК-тің 442-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.