Атырауда 9 жасар екі бала жоғалып кетті

12 Қаңтар 2020, 17:46
3724
Бөлісу:
Атырауда 9 жасар екі бала жоғалып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атыраулық полицейлер мен құтқарушылар жоғалып кеткен 9 жастағы екі баланы іздестіруде, деп хабарлады "Ақ Жайық".

Атырау облысы ПД баспасөз қызметі қала маңындағы Құрсай ауылында тұратын Әлихан мен Жанболат 11 қаңтар күні үйлерінен шығып кетіп, қайта оралмаған. 

Балалардың қай жерде екені белгісіз. Біздің қызметкерлер құтқарушылармен бірлесіп, оларды іздестіру жұмыстарын жүргізуде, - делінген ведомство хабарламасында.

Тәртіп сақшылары балаларды көрген-білгендер немесе олардың қай жерде екендерін білетін болса, "102" пультіне хабарласуды сұрайды. 

Облыстық ТЖД балалардың мұз қатпаған жерде ойнап, суға батып кеткендерін де жоққа шығармайды. 

Қазір балаларды Орал өзенінен іздестіріп жатыр.

 


Өзгелердің жаңалығы