Атырауда деструктивті дінді ұстанушылар карантин режимін бұзған

24 Сәуір 2020, 06:12
1328
Бөлісу:
Атырауда деструктивті дінді ұстанушылар карантин режимін бұзған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда төтенше жағдай талабын сақтамаған деструктивті діни ағым өкілдері карантин режимін бұзған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, атыраулық 2 тұрғын төтенше жағдай кезінде күшейтілген карантин режимін бұзып, жеке көлікпен адам тасымалдаған.

Деструктивті діни ағымды ұстанушы екі азаматтың бірі бұрын тонау және ұрлық қылмыстары үшін сотталған. Оларға қатысты ҚР "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" кодекстің 476-бабымен хаттама толтырылып, құжаттар сотқа жолданды, - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Жалпы Атырауда төтенше жағдай енгізілгеннен бері 779 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың арасында ҚР "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" кодекстің 478-бабын (Төтенше жағдай режимі кезінде полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындамау) бұзған 28 тұлға бар.

Өзгелердің жаңалығы