Атырауда белгісіз біреу көлік терезесін сындырып 6 млн теңгені ұрлап кеткен

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Атырауда көліктің терезесін сындырып 6 млн теңгені ұрлап кеткен. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.</h4>

 9 Қыркүйек 2021 2021, 02:36
9 Қыркүйек 2021 2021, 02:36
5782

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Атырауда көліктің терезесін сындырып 6 млн теңгені ұрлап кеткен. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұрлық Атырау қаласындағы «Авангард» шағын ауданында сағат 12:43 шамасында болған.

Бүгін 50 жастағы азамат көлігін «Көктем» базарының аумағына қалдырып, шаруасымен кеткен. Сол кезде белгісіз біреулер көліктің әйнегін сындырып, қол сөмкесіне салынған 6 млн теңгені ұрлап кеткен, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір аталған дерекке қатысты тергеу жүріп жатыр
Наверх