Атырауда азық-түлік бағасын қадағалау мақсатында рейд жүргізілді

30 Мамыр 2022, 22:16
1095
Бөлісу:
Атырауда азық-түлік бағасын қадағалау мақсатында рейд жүргізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облыстық  кәсіпкерлік және туризм басқармасы азық-түлік бағасын қадағалау мақсатында рейд жүргізді.

Облысқа сәуір айынан бастап 536 тонна қант келді. Бұл туралы Атырау облысының Кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Нұрбол Жаңабеков мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырауда азық-түлік бағасын қадағалау мақсатында рейд жүргізілді

Қазіргі таңда азық-түлік бағасының тұрақтылығына, негізсіз өсуіне қадағалау жүргізу және қолжетімді мөлшерде тұрғындарға ұсыну мақсатында облыстық  кәсіпкерлік және туризм басқармасы қала әкімдігімен бірлесіп мониторинг шараларын ұйымдастырып, рейдтік тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Атырауда азық-түлік бағасын қадағалау мақсатында рейд жүргізілді

Қант мәселесі бойынша сәуір айынан бастап «Идеал Маркет» ЖШС-не, 6 вагон яғни 408 тонна, басқа да супермаркет желілеріне 128 тонна 2 вагон қант тасымалданып, қазір сөрелерде сатылымда тұр. Дегенмен, қант әр адамға 3 келіден сатылып жатыр. Себебі төмен бағамен жеке кішігірім дүкен иелері немесе басқа да тұтынушылар бір мезетте  өте көп мөлшерде сатып алып кетеді де, үстіне бағасын қосып қымбатқа сатады. Сондықтан супермаркеттерде қант белгілі бір мерзімде ғана сөрелерге шығарылып тұрады. Айта кетейік, мұндай рейдтік шараларды алдағы уақытта аптасына бірнеше рет жүргіземіз, - деді Н.Жаңабеков.

Атырауда азық-түлік бағасын қадағалау мақсатында рейд жүргізілді

Басқарма басшысының мәліметінше,  Алматы облысындағы «Көксу қант зауытымен» келіссөздер жүргізілуде. Нәтижесінде өңірге қосымша 408 тонна қант өнімін жеткізу жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы