Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында отбасының ажырасу саны артып барады. Бұл туралы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хабарлады, деп жазды azh.kz.
Биылғы 9 ай ішінде облыста 4638 неке және 1192 ажырасу тіркелді, бұл жалпы неке санының 25%-ы.Егер 2017 жылы ажырасу саны 1012 болса, 2018 жылы – 1058, ал 2019 жылы 1500-ге жеткен. Көрсеткіштер өсіп жатқандықтан, билік атыраулықтардың неке бұзу себептерін анықтауды ұйғарды.
Қоғамдық пікір бойынша жасалған сауалнамаға сәйкес, жастардың бір-бірін жақсы білместен үйленуі, ерлі-зайыптылардың қызғанышы, отбасында ақшаның жетіспеуі, ортақ балаларының болмауы, жас жұбайлардың өміріне туыстарының араласуы отбасының ажырасуына негізгі себеп болады екен.