Атырауда ауыр салмақтағы автокөліктерді тексеруге арналған «Жолда қабылдау» шарасы өтуде

27 Қаңтар 2022, 23:05
1747
Бөлісу:
Атырауда ауыр салмақтағы автокөліктерді тексеруге арналған «Жолда қабылдау» шарасы өтуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда «Көлік бақылау инспекциясы» және «Казавтожол», «Полиция департаменті»  мен «Ұлттық сапа» орталығы бірлесіп, жолдағы қабылдау рейттік шараларын ұйымдастырды, деп хабарлады Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Басты мақсат – жол қауіпсіздігі мен қолайсыз ауа райында жол  апатының алдын алу. 

Рейд барысында республикалық маңызы бар автокөлік жолдары қамтылды. Жол бойында ауыр салмақтағы автокөліктер тоқтатылып, автотаразы арқылы тиелген жүктердің  салмағы анықталды. Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына көктем, жаз айларында шектік шаралар қолданылады. Барлығы жоспар бойынша жүзеге асады, – дейді  "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары Аслан Дүйсенов.

Еске сала кетелік, «Жолда қабылдау» рейд барысында өткен жылы 2354 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде ауыр салмақты 357 автокөлік жол ережесін бұзды. 

Атырауда ауыр салмақтағы автокөліктерді тексеруге арналған «Жолда қабылдау» шарасы өтуде

Өткен жылы жолда жүру талаптарын орындамаған ауыр салмақты автокөліктер облыстық бюджетке 52 млн теңге көлемінде айыппұл төледі.


 

Өзгелердің жаңалығы