Атырауда алдағы бесжылдықта 7 мың отбасы баспаналы болмақ

18 Ақпан 2021, 21:11
1459
Бөлісу:
Атырауда алдағы бесжылдықта 7 мың отбасы баспаналы болмақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен Атырау облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жиынында айтылды,- деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Фракция отырысында «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясы Атырау облысының Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жол картасы талқыланды. Облыстың Жол картасында 7 басым бағыт бойынша 128 іс-шара, 91 көрсеткіш жоспарланған. 
ҚР Тұңғыш Президенті, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі «Жол картасын» әзірлеп, жария түрде қарауды тапсырған болатын. Атырау облысының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі  «Жол картасы» әзірленіп, әрбір бағыт бойынша нысаналы индикаторлар мен мерзімдер қойылып, жауапты орындаушылар белгіленді,- деді Махамбет Досмұхамбетов.

«Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының басшысы Нұрлыбек Ожаев тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы бойынша Атырау облысында 3,5 млн. шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беріп, 7 мың отбасын баспанамен қамтамасыз ету жаспарлануда екенін жеткізді.

Сондай-ақ, облыс бойынша 7 кәріздік-тазарту иммараттарының құрылыстарын салу және қайта жаңғырту жобалары жүргізілетін атап өтті.

Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов жиынды қорыта келе, фракция мүшелеріне «Жол картасының» орындалуы бойынша жергілікті атқарушы органдардың есептерін тыңдау, барлық әлеуметтік топтармен кері байланысты нығайту және тағы басқа бірқатар тапсырма берді
Өзгелердің жаңалығы