Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Атырауда 9 жасар баланың үстіне электрлі мотоцикл құлап, ауруханаға жеткізілді

14 Шілде 2025, 05:26
1018
Бөлісу:
 istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Атырау қаласындағы Исатай-Махамбет алаңында 9 жасар баланың үстіне электрлі мотоцикл құлап кетті. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ПД мәліметінше, оқиға 13 шілде күні түнгі сағат 01:17 шамасында тіркелген.

2016 жылы туған жасөспірім дереу облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Оның жағдайы туралы нақты мәлімет берілген жоқ.

Электрлі мотоциклдің иесі – 1985 жылы туған ер адам. Оқиға орнында жүргізілген медициналық сараптама оның қоғамдық орында мас күйде болғанын анықтады. Нәтижесінде оған ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жауапкершілікке тартылды, - делінген полиция хабарламасында.

Құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Өзгелердің жаңалығы