Атырауда 49 полицей мен 27 сарбаз жарақат алды

9 Қаңтар 2022, 19:37
7591
Бөлісу:
Атырауда 49 полицей мен 27 сарбаз жарақат алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда жаппай тәртіпсіздік кезінде 49 полицей мен 27 сарбаз жарақат алды. Бұл туралы Атырау облысының коменданты – полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев айтты.

Атырауда жаппай тәртіпсіздік кезінде 49 полицей мен 27 сарбаз жарақат алды. Бір адам көз жұмды. Облыстық әкімдік ғимараты мен полицияның 7 көлігі бүлінді. Заңсыз митингке қатысқан 275 адам полицияға жеткізілді. Сонымен қатар жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 186 күдіктіге қатысты тергеу жүріп жатыр, – деді Қамза Үмбетқалиев.

Оның айтуынша, бүгін тұрғындар қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалау үшін дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәндерінің 62 мұғалімі полицейлермен бірге жаяу патрульдеуге шықты.

Сондай-ақ 100-ге жуық полиция ардагерлері мен еріктілер, қоғам белсенділері қоғамдық тыныштықты сақтауға көмектесуге ниет білдірген.

 

 

Өзгелердің жаңалығы